РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ТАНЫМДЫҚ ЖУРНАЛ

«Мұқағали» журналы, №4, 2022 жыл

Ақын атындағы басылымның кезекті нөмірі «Болашақтың ошағында біз тұтатқан от жансын» деген  Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерімен ашылған. Журналда мемлекет және қоғам қайраткері болған Алтынбек Сәрсенбайұлының 60 жылдығына арналған материалдар топтамасы бар.  Батық Мәжитұлының «Мұқағалимен мұңдасқан» Алтынбек туралы тоғауын, Жанболат Аупбайдың «Шейіт» деп аталатын эссесін,  Бейбітжан Нұрасылдың «Зауласын ақ тұлпарың алға қарай» өлеңін, Алтынбек Сәрсенбайұлына қайраткерлік баға берген сарабдал пікірлерді оқисыздар.

     Ұжымы 150 дана «Мұқағали» журналына жазылған Алматыдағы №172 мектеп-гимназиясының директоры Талғат Қазыбаевтың көлемді сұхбаты әсерлі ойлармен қызықтырады. Мұқағали мұрасын зерттеген Бағашар Тұрсынбайұлы ақиық ақынның «ХХII ғасырдың да сырласы» екеніне тоқталады. «Мұқағали» энциклопедиясынан алынған «Мұзбалақтың» да айтары мол. Ақын Ерлан Жүніс «Мұқағали терезесін» оқырманға айқара ашып, жаңаша сыр шертеді.

     Ақын Кәдірбек Құныпияұлының өлеңдері өмір суреттерін алға тартады. Шежіреші Жәлел Айдарханұлының «Шалкөде» туралы мақаласы терең танымға құрылған. Әбдіке Асанов пен Күлімхан Тараншықызының Мұқағалиға қатысты естеліктері ешкімді бейжай қалдырмайды. Алмагүл Жұмағұлова жазған «Бір жәдігердің сыры» сахна шебері, Қарасаздың түлегі Гүлшат Қыпшақоваға арналады. Нұртан Төлепбергенұлының «Мәскеудің дәмі бұйырмады» естелігі өткен күннің сағынышты сәттерімен қауыштырады. Жазушы Серік Сарыбайдың «Құлжа сақа» атты әңгімесі көңілге түрлі ой салатын шығарма.   

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Жаңалықтар

«Мұқағали» журналын қолдайық!

«Аманат – Қарасаз» қоғамдық қоры құрылтайшыларының барлық әріптестеріне, кәсіпкерлерге, оқырмандарға арнаған үндеуі Ардақты, ағайын! 2023 жыл «Мұқағали»...

«Мұқағали» журналы, №4, 2022 жыл

Ақын атындағы басылымның кезекті нөмірі «Болашақтың ошағында біз тұтатқан от жансын» деген  Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерімен ашылған. Журналда мемлекет және қоғам қайраткері болған Алтынбек Сәрсенбайұлының 60...

«Мұқағали» журналы, №3, 2022 жыл

     Ақын атындағы басылымның кезекті нөмірі Дариға Тілендікелінінің «Нағыз ақынның болмысын Мұқағалидан көрдім» деген сұхбатымен ашылады. Дариға апа өзі куә болған оқиғаларды қызықты, әрі көркем...

«Мұқағали» журналы. №2, 2022 жыл

     Журналдың кезекті саны «Тау – бір аңыз, тау – дастан» атты Мұқағали өлеңдерімен ашылды. Белгілі дінтанушы, ғалым-ұстаз Қайрат Жолдыбайұлымен болған сұхбат «Халқының жанын ұққан...

«Мұқағали» журналы, №1, 2022 жыл

Барыс жылындағы алғашқы нөмірге көрнекті ақын Нұрлан Оразалиннің «Уақыт жаратқан жыр» атты зерттеу мақаласы беріліп отыр.  Жұлдыз Мұқағалиұлының «Менің әкемнің достары» деген естелігі де оқырманды...

«Мұқағали» журналы №6, 2021 жыл

Бұл нөмір «Елордадағы мектепке Мұқағалидың есімі берілді» деген жағымды жаңалықпен басталады. Ақиық ақынның ұрпағы Жұлдыз Мұқағалиұлының өлеңмен өрнектеген ой толғаныстарын оқисыздар.