«Қостанай таңы» газетінің бас редакторы, белгілі сыншы Жанұзақ Аязбеков «Мұқағали поэзиясы қазақпен бірге жасайды» атты сұхбатында ақын мұрасына бүгінгі күннің көзқарасымен баға береді. Кәсіпкер Нарбек Чиндалиев «Нарынқол – үлкен мұражай» деп алдағы ақын мерейтойын қалай өткізу керектігіне үн қосады. Жақыпжан Нұрғожаевтың «Ән махаббаты» да ақын өміріне арналған. Бақыт Шәкіровтің «Мұқағали Ұзынбұлаққа келген күн» естелігі өткен күннің қызықты суреттерін алдыға тосады. Ерболат Әлімбековтің «Мұқатай және Мұқағали» туралы айтқандары да тартымды.
Бұл аталған материалдардан басқа Жанболат Аупбаевтың «Ажалсыз адам», Рустам Алидың «Рухы шыңдалған ұрпақ керек», Рауан Әбділдиновтың «Біздің Ерекең», Жұбайлық Битімановтың «Ұрылар ұзай алмады» материалдарын оқисыздар. Жазушы Есболат Айдабосынның «Қара қарға» әңгімесі соғыстың қасіреті туралы сыр шертеді. «Сүйіндіріп өткен тұлға» – Бейсен Құранбектің жазбаларымен танысасыздар.