Барыс жылындағы алғашқы нөмірге көрнекті ақын Нұрлан Оразалиннің «Уақыт жаратқан жыр» атты зерттеу мақаласы беріліп отыр. Жұлдыз Мұқағалиұлының «Менің әкемнің достары» деген естелігі де оқырманды қызықтырады.
«Қарасаз көшелері» деректі фильмін көргендегі ой» ақынның туған жеріне саяхаттағандай әсерге бөлейді. Ақын Биғайша Медеуованың жырлары да оқыған жанды ойландырады. Сондай-ақ осы нөмірден еліміздегі қай мектептің «Мұқағали» журналын көп оқитынын білесіз.
«Ақ халаттылар ақын туралы толғанды» деген мақалада болашақ дәрігерлердің Мұқағалиға деген сүйіспеншілігіне риза боласыз. «Естен кетпес Есенқұл» ақынның жары Меңсұлумен болған сұхбатта жан-жақты баяндалады.
Елеусіз Ахметкерімұлының «Қайран жеңгем» өлеңі кімге арналған?» естелігі өткен күндерден әдемі сыр шертеді. Жазушы Ділдәр Мамырбаеваның «Аға, бұл сіз бе?, «Ұл мен қыз» әңгімелері де тартымды. Сол сияқты кезінде үлкен өнерге бетбұрған Мақай Нұрқасовтың ел үшін еткен еңбегіне ден қоясыздар. Жергілікті ақын Жұмабек Тілепұлының жаңа өлеңдері оқырманды бейжай қалдырмайды. Басылымда бұдан да басқа қызықты материалдар бар.