Төбесі жайпақ қоржын тамда тұру кешегі болған тарих. Жаңадан отырықшылыққа үйрене бастаған аталарымыз кезінде мынандай үйлерде отын жағып, өмір сүрді. Олар іркес-тіркес болып елді мекендерді құрады.
Сырты қораш болғанымен, намаз оқитын қазақтың ішкі тазалыққа мән бергені бәрімізге белгілі. Қолда бардың көзін тауып, ұқсата білді. Төрге төселген текемет пен алаша өзінше сән беретін. Төсек жапқыштағы кестелер өрнегімен көз тартты. «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер тұрмыстағы ұқыптылықты бейнелеген. Сол заманның да өзіне тән әдеміліктері болған еді.
Ең бастысы, адамдардың пейілдері кең еді. Бір бөлмені суреттегенде «Хан сарайы қараң қалатын» деп ақын оны бекерден-бекер ерекше етіп көрсеткен жоқ. Міне, осы тамда бала Мұқағалидың алғашқы өлеңдері жазылып, өмірге қанат қақты. Тоқал тамға қарап тұрып сол күндермен үнсіз сырласасасың.