Мұқағалидың сөзіне жазылған алғашқы ән
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Сөзін жазған Мұқағали Мақатаев
Бай өлкем, армысың!
Армысың, қарлы шың!
Арайлы шығыстан
Атқан бір таңбысың?!
Айбынды елмісің,
Айдынды көлмісің?
Ақынның, батырдың
Ардағы сенбісің?
Қайырмасы:
Талдықорған, әнімсің, өлкем,
Асқар тауларың сенің көркем.
Алаулатқан еңбектің отын,
Жаздай жадырап менің еркем,
Талдықорған,
Талдықорған,
Аңсаған әнімсің!
Осынау өлкенің,
Қарсы алып ертеңін,
Салтанат сәні боп,
Жүрсің бе, көркемім?!
Әлдиін еңбектің,
Әніммен тербеттім.
Қуана қол соқсын,
Әмірі жер-көктің.
Қайырмасы:
Саялы тауларым,
Мен саған самғадым.
Саяңда жүр ғой деп,
Ақ қанат арманым.
Жанымның мақпалын,
Жаным деп сақтадым
Атқайсың алдымнан,
Арайлы ақ таңым!
Қайырмасы: