РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ТАНЫМДЫҚ ЖУРНАЛ

КОРОНАВИРУС — КӨРІНБЕЙТІН ЖАУ. АМАН БОЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН!

Өмірде оңайлықпен алдырмайтын дұшпан бар. Оның аты  – «іштен шық­қан жау».  Іштен шыққан жау көзге көрінбейді.  Ол қаруын жеңіне тығып,  қанжарын жүрекке қадайды.

Ал, жауды алыстан іздегендер – қасындағыны көрмейді. Қауіп айт­қандарға сенбейді, «жағың қарыссын» дейді. Өкіректейді, білгіш­сінеді.  Онысы  – өзін ержүрек  етіп көрсеткендегі түрі.  Осы қылықтарымен енжар ағайын­ның қол­ты­ғына су бүркеді, арандатады.

Әрине, жаудан құтылса  қуанар едік. Бірақ, олай болмады ғой. Қамсыз­дық – қайғы әкелуде! Қамсыздықты Жаратқан Ие де жақ­тырмаған. «Сақ­тансаң – сақтаймын» дегені сондықтан. Егер адам өзіне өзі жаны ашымаса, жауыздық пен надандықтың үлкені – сол емес пе?!

Әлемді және елімізді коронавирус құрсаулаған шақта біз он есе, тіпті жүз есе қорғануға тиістіміз. Ұлтжанды екенің, патриот екенің ел басына күн туғанда  көрінеді. Іштен шыққан жаумен қалай шайқасып жатырсың? Міне, жауабын күткен сұрақтар осындай.

Әрине, халықтың денсаулығын қорғау мемлекеттің ісі. Одан кейінгі орында –  дәрігерлер. Сонымен бірге, әркім бала-шағасы, бауыр-туғаны алдындағы  міндетін де мінсіз орындауға тиісті. Бұл – парызың мен қары­зың.

Қазақ «ішің ауырса, аузыңды тый» дейді. Қазір денсаулыққа қатер төн­діретін шараларды шектегеннің айыбы жоқ. Ол –  амандығыңнан қымбат емес. Той да, томалақ та, түрлі бас қосулар да індет аяқталған соң қалыбына келеді. Қалыбына келмейтін нәрселер – қаперсіздіктен жол беріп алған өкініштер. Біле тұрып,  соған ұрынбасақ екен дейсің.

Шындық біреу –  вирус бар. Сенің оған сенбегенің жағдайды жақ­сарт­пайды. Есесіне ушықтырады. Ал, ауырғанды жаз­­сақ, індеттің тарал­ғанын тежесек – ерлегеніміз! Қазір әрбір адам коронавирусқа қарсы ғазауат май­данына шықты. «Соғыстың» аты – соғыс!

Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы сарбазынан не үшін шай­қа­сатынын сұрайды. «Отан үшін!  Мен Отан үшін өлемін!» дейді жауынгер. Сонда Баукең «Маған өлетін солдаттың керегі жоқ. Маған тірі қалып, жауды жеңетін солдат керек» деген екен. Бұдан артық не айтамыз? Жеңіске жетіңіздер.

 Аман-есен қауышайық, ардақты оқырман!

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Жаңалықтар

«Мұқағали» журналын қолдайық!

«Аманат – Қарасаз» қоғамдық қоры құрылтайшыларының барлық әріптестеріне, кәсіпкерлерге, оқырмандарға арнаған үндеуі Ардақты, ағайын! 2023 жыл «Мұқағали»...

«Мұқағали» журналы, №3, 2022 жыл

     Ақын атындағы басылымның кезекті нөмірі Дариға Тілендікелінінің «Нағыз ақынның болмысын Мұқағалидан көрдім» деген сұхбатымен ашылады. Дариға апа өзі куә болған оқиғаларды қызықты, әрі көркем...

«Мұқағали» журналы. №2, 2022 жыл

     Журналдың кезекті саны «Тау – бір аңыз, тау – дастан» атты Мұқағали өлеңдерімен ашылды. Белгілі дінтанушы, ғалым-ұстаз Қайрат Жолдыбайұлымен болған сұхбат «Халқының жанын ұққан...

«Мұқағали» журналы, №1, 2022 жыл

Барыс жылындағы алғашқы нөмірге көрнекті ақын Нұрлан Оразалиннің «Уақыт жаратқан жыр» атты зерттеу мақаласы беріліп отыр.  Жұлдыз Мұқағалиұлының «Менің әкемнің достары» деген естелігі де оқырманды...

«Мұқағали» журналы №6, 2021 жыл

Бұл нөмір «Елордадағы мектепке Мұқағалидың есімі берілді» деген жағымды жаңалықпен басталады. Ақиық ақынның ұрпағы Жұлдыз Мұқағалиұлының өлеңмен өрнектеген ой толғаныстарын оқисыздар.

«Мұқағали» журналы №5, 2021 жыл

Журналдың кезекті саны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ақын мерейтойына арнаған Құттықтауымен ашылып отыр. Мұқағалидың 90 жылдық торқалы тойынан толық репортажды да осы саннан оқи аласыздар....