РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ТАНЫМДЫҚ ЖУРНАЛ

Ақын ауылына келген ақ қарға

Маусымның 25-ші жұлдызында Қарасазға ақ қарға келді. Оны алғаш көрген орта мектептің мұғалімі Алпысбай Қасқырбаевтың немересі екен. «Ата, ата! Ананы қарашы, ақ қарға ұшып барады» деп қуана айқай салған. Үйден жүгіре шыққандар ерекше құсқа таңдана қараған. Алпысбайдың жұбайы Гүлзира шарбаққа қонған ақ қарғаны суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салып үлгеріпті.

Сол күні Қарасаздың жұрты мәре-сәре болады. Көнеқұлақ үлкендер мұн­дай оқиғаны ешқашан кездестірмегендерін айтты. Солай дей отырып, көпшілік ақ қарғаны жақсылықтың белгісіне балаған. Өйткені, ел ішінде атадан қалған бір әңгіме бар еді. 50-ші жылдары аяқ астынан осы аймақты қара тышқан қаптайды.  Әлгінің көптігі сондай – қырмандағы астықты жай­пап, адамдардың өміріне қауіп төндірген. Оны құртуға жұрттың ша­масы жетпепті. Тіпті, үкіметтің өзі шарасыз күйге түскен.

Сондай күннің бірінде  аяқ астынан ақ тышқан пайда болады. Ақ тышқанды көрген қара тышқандар жан-жаққа қашып, белгісіз жаққа  ауып кеткен.

«Бәлкім, мынау ақ қарға да ақ тышқан сияқты коронавирустың десін қайтаруға келген шығар? Бәлкім, жақсылықтың жоралғысы ма екен? Әйтеуір, ақ құстың Мұқағали туған Қарасаздан көрінуі тегін емес», – дейді ақын­ның жерлестері. 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Жаңалықтар

«Мұқағали» журналы №4,2020 жыл

Бұл нөмірден ақын ауылы Қарасазға ақ қарғаның қалай келгенін оқисыздар. Мұқағали Мақатаевтың дәрігерлерге арналған жырларына қайтадан қанығасыздар. 85 жылдығына орай ел-жұрты есіне түсірген құрдас...

«Мұқағали» журналы №3,2020 жыл

«Қостанай таңы» газетінің бас редакторы, белгілі сыншы Жанұзақ Аязбеков «Мұқағали поэзиясы қазақпен бірге жасайды» атты сұхбатында ақын мұрасына бүгінгі күннің көзқарасымен баға береді. Кәсіпкер...

Абай күні – қазақтың қасиетін арттырсын

Алаш көсемдерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлы Абай туралы айтқанда «Одан басқа бұрын-соңғы заманда қазақ даласында біз білетін ақын болған жоқ» деп ерекше бағалаған болатын. Сол...

ЖУРНАЛҒА БЕРІЛГЕН БАҒА

Он бес жылдық кезеңде «Мұқағали» журналы ақын жайлы зерт­­теу­лерді, қызықты естеліктерді өз қоржынына топтас­тырды. Мұқағали­тануға ден  қойған авторлар легін қалып­тастыр­ды. Журнал­дың энциклопедия тектес мазмұнмен шығуын...

Ақын ауылына келген ақ қарға

Маусымның 25-ші жұлдызында Қарасазға ақ қарға келді. Оны алғаш көрген орта мектептің мұғалімі Алпысбай Қасқырбаевтың немересі екен....

«Мұқағали» журналы №2, 2020 жыл

Журналдың кезекті саны көпсалалы «BTK-GROUP» компаниясының директоры Тоқан Ботабековтың «Мұқағали өлеңдері кәсіпкерге де керек» деген танымдық сұхбатымен ашылды. Бұдан кейін «Жетісу жыр жолдайды Жидебайға»...