Қарасаздағы музейге кірсеңіз Мұқағалидың жұмыс үстелін көресіз. Ой теңізінен асыл терген қаламгер түйдек-түйдек жыр жолдарын жазу мәшінкесімен де ақ қағазға түсірген. Ақын аға өзі пір тұтқан алып тұлғаға қарап шабыт шақырады екен.
«Ең алдымен Абайдың мүсініне көз салатын. «Абай атам бүгін маған жылы қабақ танытты. Ендеше қолым жүреді» деп ырымдаушы еді» дейді Жұлдыз Мұқағалиұлы әкесі туралы. Бұл – сан қырлы ақын болмысының бір мысалы ғана.