Ақиық ақын көзі тірі кезінде ешқандай марапатқа ие болмағаны бәріне белгілі. Ол – ақынның өлеңінің нашарлығынан емес. Солақай заманның талантты бағаламауынан болған кінәрат. Бірақ уақыт Мақатаевтың кім екенін дәлелдеді.
80-ші жылдың басында «Соғады жүрек» кітабы ҚазақССР Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды. Жыр-тұлпар бәйгеден сүрінді. Анығын айтқанда сүріндірді. Ал 2000 жылы тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына Мұқағали Мақатаевтың «Атамұра» баспасынан шыққан «Аманат» атты жыр жинағы екінші рет ұсынылды. Бұл жолы ақиқат жеңді. Ақын рухы өзіне лайықты мәртебені иеленді. Мемлекеттік комиссияның төрағасы Алтынбек Сәрсенбайұлы екенін біреу білсе, біреу білмейді.