РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ӘДЕБИ-МӘДЕНИ, ТАНЫМДЫҚ ЖУРНАЛ

«Мұқағали» журналы, № 4, 2021 жыл

Журналды ашқан кезде ақиық ақынның «Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін» деген тақырыппен топтама өлеңдерін оқисыздар.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловның «Ақынның маңдайымнан сипағанын жақсы ырымға баладым» атты сұхбатында ол кісі әкесі, қаламгер Рахметолла Райымқұловтың ақиық ақынмен қандай зиялы қатынаста болғанын ерекше толғаныспен баяндайды.

     «Жыр арқауы – Мұқағали» айдарының бұл жолғы қонағы қордайлық Сәуле Шәмшіғали. «Ақиық ақынның түрік еліндегі тойын»  Бақытгүл Мұқағали келіні өзінің жолсапар материалында жан-жақты көрсетеді. Әнші Еркін Шүкіман «Мұқағали –  Тұрсынғазы тандемін» жазушы Алмас Нүсіпке әдемі әңгімелеген.

     «Жүректің түкпірінен маржан төгіп» жырлаған ақын Қуат Қайранбайдың  өлеңдері қаламгер шабытының дәлеліндей. Бақытжан Атагелдиевтің «Ақтаудағы оқиғасы» да ақын туралы қызықты естеліктердің бірі. Қадыр Әлімқұловтың «Көріпкел һәм сәуегейлік» атты әдеби сараптамасы ақын шығармаларын тереңнен талдайды.

     Атақты айтыскер Оразалы Досбосыновтың тәлімгері болған Хасен Саматыровпен де осы нөмірде танысасыздар. Бақыт Шәкіров жаңа құрылған қоғамдық қордың мазмұнына тоқталады. Жазушы Дархан Бейсенбекұлының «Ринг» атты әңгімесі де тартымды.  

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Жаңалықтар

«Мұқағали» журналын қолдайық!

«Аманат – Қарасаз» қоғамдық қоры құрылтайшыларының барлық әріптестеріне, кәсіпкерлерге, оқырмандарға арнаған үндеуі Ардақты, ағайын! 2023 жыл «Мұқағали»...

«Мұқағали» журналы, №3, 2022 жыл

     Ақын атындағы басылымның кезекті нөмірі Дариға Тілендікелінінің «Нағыз ақынның болмысын Мұқағалидан көрдім» деген сұхбатымен ашылады. Дариға апа өзі куә болған оқиғаларды қызықты, әрі көркем...

«Мұқағали» журналы. №2, 2022 жыл

     Журналдың кезекті саны «Тау – бір аңыз, тау – дастан» атты Мұқағали өлеңдерімен ашылды. Белгілі дінтанушы, ғалым-ұстаз Қайрат Жолдыбайұлымен болған сұхбат «Халқының жанын ұққан...

«Мұқағали» журналы, №1, 2022 жыл

Барыс жылындағы алғашқы нөмірге көрнекті ақын Нұрлан Оразалиннің «Уақыт жаратқан жыр» атты зерттеу мақаласы беріліп отыр.  Жұлдыз Мұқағалиұлының «Менің әкемнің достары» деген естелігі де оқырманды...

«Мұқағали» журналы №6, 2021 жыл

Бұл нөмір «Елордадағы мектепке Мұқағалидың есімі берілді» деген жағымды жаңалықпен басталады. Ақиық ақынның ұрпағы Жұлдыз Мұқағалиұлының өлеңмен өрнектеген ой толғаныстарын оқисыздар.

«Мұқағали» журналы №5, 2021 жыл

Журналдың кезекті саны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ақын мерейтойына арнаған Құттықтауымен ашылып отыр. Мұқағалидың 90 жылдық торқалы тойынан толық репортажды да осы саннан оқи аласыздар....