Әрбір жаңа ұрпақ асыл мұра қалдырған тұлғаларды қайталап оқып, біліп отыруы шарт. Осы мақсаттар «Рухани жаңғыру» бағдарламасына толық сай келеді. «Қазақ поэзиясының інжу-маржандары» атты антологияның жарық көргені сондықтан. Оның тұсаукесер рәсімі Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада өтті.
13 кітаптан тұратын антологияның құрамына алаштың таңдаулы он үш ақыны кірген. Олар – Абай, Шәкәрім, Мағжан, Ілияс және Қасым Аманжолов, Жұбан Молдағалиев, Жұмекен Нәжімединов, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Шахановтар.
Кітаптарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғысөзі жазылған. Бұл – Мұқағали оқырмандары үшін де көзайым жаңалық болды.