Журналды ашқан кезде ақиық ақынның «Жырласам ба екен, жыласам ба екен, білмеймін» деген тақырыппен топтама өлеңдерін оқисыздар.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловның «Ақынның маңдайымнан сипағанын жақсы ырымға баладым» атты сұхбатында ол кісі әкесі, қаламгер Рахметолла Райымқұловтың ақиық ақынмен қандай зиялы қатынаста болғанын ерекше толғаныспен баяндайды.
«Жыр арқауы – Мұқағали» айдарының бұл жолғы қонағы қордайлық Сәуле Шәмшіғали. «Ақиық ақынның түрік еліндегі тойын» Бақытгүл Мұқағали келіні өзінің жолсапар материалында жан-жақты көрсетеді. Әнші Еркін Шүкіман «Мұқағали – Тұрсынғазы тандемін» жазушы Алмас Нүсіпке әдемі әңгімелеген.
«Жүректің түкпірінен маржан төгіп» жырлаған ақын Қуат Қайранбайдың өлеңдері қаламгер шабытының дәлеліндей. Бақытжан Атагелдиевтің «Ақтаудағы оқиғасы» да ақын туралы қызықты естеліктердің бірі. Қадыр Әлімқұловтың «Көріпкел һәм сәуегейлік» атты әдеби сараптамасы ақын шығармаларын тереңнен талдайды.
Атақты айтыскер Оразалы Досбосыновтың тәлімгері болған Хасен Саматыровпен де осы нөмірде танысасыздар. Бақыт Шәкіров жаңа құрылған қоғамдық қордың мазмұнына тоқталады. Жазушы Дархан Бейсенбекұлының «Ринг» атты әңгімесі де тартымды.