Бұл нөмірден ақын ауылы Қарасазға ақ қарғаның қалай келгенін оқисыздар. Мұқағали Мақатаевтың дәрігерлерге арналған жырларына қайтадан қанығасыздар. 85 жылдығына орай ел-жұрты есіне түсірген құрдас қаламгерлер шығармасына тебірене көз саласыздар. Олар – «Мұқағалидың інілері, қазақ поэзиясының ірілері» атанған Жұмекен, Тұманбай, Қадыр және Еркіндер. Осыған орай Жанболат Аупбаевтың «Тянь-Шанның диюы» атты естелігі беріліп отыр.
Қарағандылық актер Мекен Қисықов келесі жылы Мұқағали атындағы театр фестивалін ұйымдастырса деген мәселе көтереді. Мамытбек Қалдыбай қазақтың хас батыры Бауыржан Момышұлының Мұқағали мен Фаризаға арналған көзқарасын оқырманға паш етеді. Тарихшы ғалым Бағдәулет Берлібаевтің ақын өлеңіне берген бағасы да өзіндік ерекшелігімен назар аударады. Заңгер Сайлау Ағыбаевтың естеліктерінің мазмұны да қызықты. Қадыр Әлімқұловтың Мақатаев туралы зерттеуі де салмақты шығарма.
Сол сияқты Жұбайлық Битімановтың «Капитанның бастан кешкендері» әрі қарай жалғасады. «Адам аласы ішінде» атты тарауымен танысасыздар. Дәнеш Ахметұлының «Қызтекше» хиқаясы тау мен дала сырының тарихына бойлатады. bled